Күнмен күліп – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Күнмен күліп» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Күнмен күліп,
Түнмен тынып табыстым,
Қоғам дерті бізге ерекше сіңімді,
Күнәсі ірі алыптармен алыстым,
Кешіріңдер,
Ұсақ-түйек мінімді.

Өткергенім
Өткелі көп сең көшкін,
Өкпеден мың
Сан жұдырық түйілді,
Қорғаны зор
Дауыстармен шендестім,
Кешіріңдер,
Тым қорғансыз күйімді.
Жиналады
Тасқорғандай құзға мұң,
Тасқорғанға бала менің салтымды.
Бедірейген,
Қабырғалар бұзғаным,
Кешіріңдер
Бұзылмаған қалпымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнмен күліп өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Күнмен күліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнмен күліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнмен күліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері