Жақпар-жақпар – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жақпар-жақпар» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Жақпар-жақпар –
Алтайда сүрен-сүрен,
Қатпар -қатпар жолдарым сайрап жатыр,
Қатып- семген құздарда сілем-сілем,
Қарлы шыңдай,
Тағдырым бойлап жатыр…

Маңғаз,
Құпия,
Тәкаппар,
Алып тұлға-
Өр Алтайдың мінезі, ерікті өктем,
Алақұйын бораны, қары ұйтқыған,
Жырларыма ежелден еніп кеткен.

Көк Тәңірге мұңайсам,
Қарып суық,
Саған келіп жай табам, Ғасыр — Дала!
Аспантаудың алдына барып тұрып,
Серт берген ем, аһ ұрып, жасымауға!

Іңір түсе көз ілсем,
Көрінесің,
Жандырасың Рухымды
От алмасам,
Мұз мұңымыз кенеттен ерімесін,
Ерісе егер жаһанды топан басар.

Сыр ашпайтын қашаннан басқаға Алтай,
Кие -Бағын күзетіп тұрғандай Шың,
Көкке ғана жұмбағын ашқан Алтай,
Жер Киесін күзетіп тұрғандайсың!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері