Қалсам болғаны

Бұл бетте «Қалсам болғаны» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 511
Ерте ме кеш бір айтар арман әнімсің,
Үмітімді үзілген жалғағанымсың.
Көктем сыйлар көңілге шаттық күлкімсің,
Жиі тартқан сен менің оң қабағымсың,
Жаным!

Көңіліңді қатты айтып қайтармағанмын,
Соқса дағы сан ауыл шайқалмағанмын.
Бүлдіргенше ағатын елжіреп тұрып,
Қандай жақсы ойымның айта алмағаным,
Бәрін…

Жапырақтар жаныма діріл қосады,
Есіміңді еске алсам мұңым қашады.
Күреңітіп сені ойлап күнім батады,
Жақсы түске елітіп күліп атады,
Таңым.

Кескініңе қараймын ойланып қалған,
Менің қымбат мүлкіме айланып болған.
Кетем десем қолымды жібере салма,
Бір сезімге жүрегім байланып қалған,
Барым.

Осы екен жүректің арқандалғаны,
Бір елестің жаныма қалқан болғаны.
Кездеспесең кездеспе қиын сәт қой ол,
Сезімімнің ішінде қалсам болғаны.
Жалын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалсам болғаны өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қалсам болғаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалсам болғаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалсам болғаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері