Шолжаң

Бұл бетте «Шолжаң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1359
Бізде шолжаң бала бар,
Тілінде бір «шала» бар.
Оның айтқан сөздерін
Түсінбейді балалар.
«Р» дегенді «ыл» дейді,
«Жыр» дегенді, «жыл» дейді.
Шіркін сабаз, бүлк етпей,
«Бір» дегенді «біл» дейді.
«Тайқарбайды» – «Тайқалбай», –
Дейді мүлдем айта алмай.
Осылайша талай сөз
Бұзылады байқалмай.
Үлкен-ақ бол сен мейлі,
«Сіз» демейді, «сен» дейді.
Сәрә, оңай «З»-ға да
Оның тілі келмейді.
Еркелікті тастаса,
Аңдап сөйлей бастаса,
Айтпас еді ол бала
«Р» дегенді басқаша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолжаң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шолжаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолжаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолжаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері