Тас жолдар

Бұл бетте «Тас жолдар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 967
Барселонның тас жолымен сырластым,
Тар көшеде тас дуалмен мұңдастым,
Тұлпарлардың тұяғындай дүбірлеп,
Ғасырлармен қадамымды бір бастым.
Тұла бойғы асыл-маржан таққандай,
Ұлы жүрек Испан қызы ақ маңдай.
Колумбияны қарыс алған жер патшайым,
Баспалдақтан түсіп келе жатқандай!
Түнгі аспанның ашқан жұлдыз түндігін,
Бұл да ерекше тарихи күн, нұрлы күн,
Колумба бұл келген еді бұл жерге,
Ашып келіп, Америка құрлығын!
Осы жерге ат арытып жеткен ек,
Қараушы едім үмітіммен көкке көп.
Келдім бүгін Жерорта теңізіне,
Қарсы алдымда көк теңіз тұр бетпе-бет.
Бала кезден ақын болып елжіреп,
Көк теңізді сүйіп өскен сол жүрек.
Келдім бүгін, Жерорта теңізіне,
Көкпен бірге көк айдыны мөлдіреп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас жолдар өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Тас жолдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас жолдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас жолдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері