Қазақпын – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Қазақпын» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7121
Қазақпын мен ұлт боп ұзақ ұйыған
Сері елмін ұнатқан күй, сүйіп ән.
Досқа құшақ ашып, жауға бас имей
Тарихтың өткен талай сынынан.
Қазақпын мен дем беріп бір - біріне
Жеткен жаңа армандаған күніне.
Білген елмін жау да оңай жік салып,
Рушылдық жететінін түбіне.
Таулы, орманды, көл, далалы - жерім кең,
Франциядан бес есе үлкен делінген.
Паналатқан мейірімімді мансұқ қып,
Жеріме көз алартпасын көрінген.
Мемлекеттік мәртебе алған тілім бай,
Қиырым жоқ қиналатын ұғынбай.
Үйренбесе өзге жүрсін жайына,
Тілін таңып күнде текке ұрынбай.
Бар өзімнің үлгілі ерлік дәстүрім,
Қорғай білер елімді өз әскерім.
Қол сұқпасын ешкім дербестігіме,
Дос пейілімен келсе дайын ас, төрім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақпын өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Қазақпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразақын Асқар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері