Әскердегі ағама – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Әскердегі ағама» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2020
  • 0
  • 0
  • 8179
Сау-сәлемет жүрмісің,
Әскердегі ағажан.
Түзеуде ел тұрмысын,
Туыстардың бәрі аман.

Есімде айтқан ақылың,
Жақсы оқушы саналам.
Ойдағыдай оқуым,
Күнде үздік баға алам.

«Әліппені» игеріп,
Хат жазуға жарадым.
Хаттарыңды үйдегі,
Өзім оқи аламын.

Емеспін ғой жас сәби,
Таныстырғын ісіңмен.
Құпия болса әскери,
Айтпай-ақ қой, түсінем.

Алдық жазған хатыңды,
Келді жаңа суретің.
Көрдік нағыз батырды
Өтеп жүрген міндетін.

Жарасып тұр бәрі де,
Қызығып көп қарадым.
Өскен кезде әрине,
Мен де сарбаз боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әскердегі ағама өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Әскердегі ағама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әскердегі ағама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразақын Асқар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әскердегі ағама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері