Алатау
Бұл бетте «Алатау» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.09.2024
- 0
- 0
- 2250
Балконнан Біржан самарқау,
Кірді үйге күн бұлт шақта.
-Көрінбейді Алатау,
Кетіпті,-деп,-бір жаққа.
Күн ашылды бақша-бау,
Алтын нұрға көміліп.
Көз тартты Алатау,
Балконнан анық көрініп.
Балконда Біржан балақай,
Қуанды жер тепкілеп.
-Алақай-ау, алақай,
Алатау қайтып кепті,-деп.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі