Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!
Бұл бетте «Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махаббаттың маздап жанып шырағы,
Сезімдерге ерік бермей ғашықтық.
Біздер үшін-биіктіктің тұрағы,
Қол ұстасып, тау басына асықтық.
Көңілімнің көбелегін аулаған,
Сиқырлы бір сезім бардай үніңде.
Жанымызды ұлы сезім баураған,
Ұлытаудың сол бір айлы түнінде.
Тау басында-армандардың ақ туы,
Ақ сезімнің жария қып санатын.
...Менің үшін-махаббаттың аққуы,
Ұлытаудан қаққан еді қанатын.
Өшпестей боп жазылған-ды жүрекке,
Сол күндерді ән етемін, жыр етем.
Тіреу болған, арман менен тілекке,
Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі