Сағыныштың соқпағы – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сағыныштың соқпағы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1584
... Бір меңіне Самарқанд пен Бұхараны берер ем...
Саади.

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сиып.
Аппақ сезім лайланып харамға,
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.
Көлеңкемді құша бердім тіреу деп,
Өпкем симай, өзді-өзіммен егестім.
Шаһар түгіл, баһор сыйлар біреу жоқ,
Бәлкім мен де түрік қызы емеспін.
Махаббатым мазақ болып түндерге,
Жасым менің у біткеннен ащырақ.
Өлеңімді әлің келмей күндеуге,
Қарт қызғаныш, бұл қаладан қаш жырақ.
Сосын мен де бұл қаладан кетермін,
Бәрін қойшы момақан күн бермеген.
Шабытымды бірде жарқын етермін,
Зілзаладай бойын ашу кернеген.
Иранға ма, тіпті одан да әріге,
Сәтсіздіктің көбін мұнда қалдырып.
Үмітпенен оянар ем сәріде
Сағынышты соқпақ жырдан салдырып.
Көзім жұмбай Ай қалпағын түргенше,
Күнді күтіп салмақтанып, сылтыған.
Бір қалада тұрып, іздеп жүргенше,
Көк теңіздің ар жағынан ынтығам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныштың соқпағы өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сағыныштың соқпағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныштың соқпағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныштың соқпағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері