Өмір – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмір» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1144
Өмір – мəңгі толғақ қысқан жас ана.
Ақ тілектің көзайымы – Күн, Айым.
Əр сəби – Күн аттап кірер босаға
Аман болғай алапаттан ылайым.
Өмір – мəңгі толғақ қысқан жас ана.
Жан толғағын тоқтатпағай тосын үн.
Бекежандар бұғып жатқан Қособа,
Сенің суық сілеміңнен шошыдым.
Өмір – мəңгі толғақ қысқан жас ана.
Ойлайтыным – сенің есен-саулығың.
Тағдырыңды аңдып тұрған тасада
Бекежаннан қауіптірек жау бүгін!..
Өмір – мəңгі толғақ қысқан жас ана.
Тілегімде, жүрегімде тынысың...
Əр сəби-Күн аттап кірер босаға,
Шайқалмағай шараңдағы ырысың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері