Жаралдың қай асылдан? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жаралдың қай асылдан?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Жаралдың қай асылдан?
Бiлгiм келер...
Күн бұлтта гүлдiң де өңi күлгiнденер.
Кеседей зəмзам суы мəймiлдеген
Көзiңнiң аясында жүргiм келер.
Қай құдай бiздiң жəйдi қабыл қылды?
Менiң де жаным жапа, халiм мұңлы.
Ұқсатып құс төресi – Гүлғұзарға,
Сен үшiн жаздым, жаным, «Сағындымды...».
Саздақтан сая таппай,
Сабыр бiлмей,
Сарғайды жазға жетпей жаным гүлдей...
Жүректi мұнша неге сыздатады
Сен айтқан «сағындым ғой,
сағындым ғой...»?
Тəттi əуен тағдырымның талшығы едi –
Көрiншi,
Көз аяңа алшы менi.
Баянын алғаш көрген Қозыдайын
Бұл жүрек бағзыда бiр шаншып едi...
Сол жүрек, қалғып кеткен, қайта оянды,
/Ахуалын ақынның кiм байқай алды?../
Жаныңа жалау етiп жүршi, жаным,
Мен жазған «Апырай» жыр,
«Айхой» əндi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаралдың қай асылдан? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жаралдың қай асылдан? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаралдың қай асылдан? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаралдың қай асылдан? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері