Сары самауыр қайнайды бабыменен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сары самауыр қайнайды бабыменен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1606
Сары самауыр қайнайды бабыменен,
Жақсы жiгiт ойнайды жарыменен.
Жанарыңды алыстан жаудыратпай,
Жақсы көрсең шынымен жаныма кел.
Жақындашы жаныма, жай берейiн,
Жұлдыз санап,
Жүзiңнен Ай көрейiн.
Жаман-жəутiк болмаса жатырқайтын,
Жаратқанға бəрi бiр – бай, кедейдiң.
Сары самауыр, көрдiң бе, қайнағанын?
Жаныма кеп отырсаң, жайланамын.
Батқан күннен аумайды балғын жүзiң,
Атқан таңнан аумайды айқабағың.
Сен де сыңар, қарағым, мен де сыңар,
Жалғыздыққа қашанғы пенде шыдар?
Айлы түнде балауыз шамдай жанып
Аққулар да жарасып көлге шығар!
«Самауырда, – демешi, – шəй қалмады»
Жайыңды айтшы, қарағым, жайлан-дағы:
Бiр-ақ, сəт қой тұнықтың лайланбағы!
Бiр-ақ, сəт қой жiгiттiң бай болмағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сары самауыр қайнайды бабыменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері