Ауыл кеші – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ауыл кеші» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 890
Маңай толы – май қараған.
Маңдай сипар майда жел.
Қыр басынан Ай қараған.
Қызыр қонған ойда ел.

Қоңыр дала күйін төккен,
Қоңыр тірлік үй-іші.
Мұрын шалар қиыр беттен,
Қоңыр қидың иісі.

Шым-шым терлеп шал күрсінді,
Шөп сурып маядан.
Жұлдыз ақты тағдыр сынды,
Алтын нұрмен бояған.

Суыған ат осқырынды,
Суық кешке дем үрлеп.
Тау күрсінді қасқырүнді,
Қырау түсті шегір көк.

Әңгімешіл аңшы жігіт,
Құз жаңғыртқан күлкісі.
Қолында бар қамшы-құрық,
Қырға сіңді жылқышы.

Ғашық жанда күбірлесіп...
Жас жүректе – гүл-қауыз.
Ауыл кеші ғұмыр кешіп,
Алаулаған жыр нағыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл кеші өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ауыл кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері