Маған күш бер

Бұл бетте «Маған күш бер» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2022
(Иван Франкодан)

Туғызған бар әлемді анамсың, жер,
Майданда қайыспайтын болайын ер
Күшіңнен көлдей болған түбіндегі,
Ей, ана, бір тамшысын маған да бер.
Жылылық бер кеудемді кернегендей,
Қан тасып, сезім көкке өрлегендей,
Адалдық, туысқандық бер адамға
Өмірде тасқындай боп кеулегендей.
Дүниені нажағайдай тітірентер,
Ұлы әмір, жалындаған өткір сөз бер.
Қайрат бер зұлымдықты жеміргендей
Мәңгілік әділдікті аңыз етер.
Қолға күш бер бұғауды талқандарлық,
Ойға ізгілік, жүрекке түссін жарық,
Бер еңбекті, өлсек те соныменен
Сол еңбекпен ілгері ұмтылалық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған күш бер өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Маған күш бер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маған күш бер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маған күш бер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері