Күрсiнiп салдық

Бұл бетте «Күрсiнiп салдық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Күрсiнiп салдық...
Нелiктен, неге күрсiндiк?
Түбiне түннiң түсiп кеттi ме бiр Шындық?
Селк ете қалып нелiктен, неге қымсындық?
Елп ете қалып Елеске қолды ұмсындық.
Түбiнде түннiң тұншықса қайтем Шындығым?
Жындының кейпiн кешетiн, бəлкiм, күн бүгiн?
Ағарып таңым... ашылса екен түндiгiм,
Омалып барып оңалса екен тiрлiгiм.
Күрсiнiп салдық...
Жатыр ма екен iште мұң,
Еңiреп тұрып ернiмдi неге тiстедiм?
Су екен десем...
У ма едi ұрттап iшкенiм,
Апырай, Алла-ай, қандай бiр күйге түскемiн?
Не болып жатыр Адамда?
Мынау ғаламда?
Тайғанап кетсем табанға тiреу табам ба?
Тар жолда, əлде, тағдырым түсiп талауға,
Шындықпен бiрге жұтылып кете барам ба?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрсiнiп салдық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күрсiнiп салдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрсiнiп салдық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрсiнiп салдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері