Қолжазба өртеу – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қолжазба өртеу» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1908
Бұл ақиқат —
Шаруам жоқ ертегіңде,
Мен бір повесть жазған ем ерте күнде:
Сақтап-сақтап келдім де.
Қолжазбасын
Ақырында жібердім өртедім де.
Енді қайтем?!
Сақал мен шаш ағарып,
Ақырғы күн мені де тосар әлі.
Архивімді ақтарып,
Хикаямды
Мұрасы деп әдеби басары анық.
Топтан озған үзіліп,
Дараланып,
Ақыныңа сонда бір қара, халық!
Ойнап жазған повесті он екімде
Оқығанның көңілі қалары анық.
Абыройым кетсе егер ерте менің,
Ақын болып несіне тер төгемін?!
Жазғанымның барлығын жинай бермей,
Жоқ, бауырым,
Жөн болды өртегенім!
Мен қате деп білмеймін жаңағымды.
(Жаңа жырмен қарсы алам жаңа күнді)
Көзім тірі кез түгіл,
Халқым менің
Өлген соң да көрмесін жаманымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолжазба өртеу өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қолжазба өртеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолжазба өртеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолжазба өртеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері