Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда,
Кешегi айтқан уəдең бүгiн қайда?
Келiссек те кергiмей, керi кетiп,
Келмей қойды-ау дүние бiр ыңғайға.
Кенде емес ең ақыл мен ойға мүлде
Бостандығың бодансыз бойға мiн бе?..
Есiгiңнiң тұсына менi ерiксiз
Қарауылдай қаздитып қойғаның не?
Құладүзге көз сүзген Құнажыным,
Ұнай қойған жоқ маған бұл «əзiлiң».
Жер түбiне жетелеп кеттi ме, əлде
Желiкқұмар кешегi бұла жының?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері