Жалған атақ

Бұл бетте «Жалған атақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3715
Алдыменен өзің үшін анықта:
Ақиқатқа құлақтарың қанық па?!
Анау сыйлы,
Анау үлкен орында
Торғайдай боп көрінесің халыққа.
Айналайын,
Өмір деген көрмеде
Орын тарлау ездер түгіл ерге де.
Бір құдірет отырғызып қойғанмен,
Саған салмақ бітпей қойды төрде де!
Ауылдас бір бала едің сен кекілді,
Аяқ асты тиді саған өкілдік.
Үстіңдегі анау шенді шекпен де —
Сенікі емес —
Өзгенікі секілді.
Ырысы ма ана менен баланың,
Сен әйтеуір мықтысысың қаланың.
Анау ойсыз,
Анау отсыз көзбенен
Ойнап жүрсің ролінде дананың.
Сен туралы айтылады сөз удай.
Сөз дегенің атқа тиген божыдай.
Атағың бір алтын аула,
Ал затың
Сол аулаға байлап қойған қозыдай
Оқасы жоқ!
Көктем өтіп,
Күз өтіп,
Таусылады жұрттың жалған ізеті.
Өмір бүгін жіберген сол қатені
Өлім ертең алады өзі түзетіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған атақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жалған атақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған атақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған атақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері