Сәлем бауыр-құрдастан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сәлем бауыр-құрдастан» атты Ғафу Қайырбеков жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2502
Тарих - кітап. Үңілем мен сан жылға,
Нелер ғажап оқиғалар бар мұнда.
Міне, бір жыл... Батыр Богдан тұр сөйлеп,
Бүкіл байтақ Украина алдында.
... «Тағдыр ортақ, ашылмасын іргеміз,
Бірге аттандық алдағы алыс күнге біз!
Салтанатпен ант етеді Украина
Россия, мәңгі өзіңмен біргеміз!»
Оқыдым мен, жаным нұрмен желпінді,
Көз алдымда екі бауыр ел тұрды.
Қайсар іні аға омырауын аймалап
Аңсап келіп құшып жатқан секілді.
Үш ғасырдың жотасынан кейінге
Көз жіберсең, Украина көгінде
Жарқырайды тұңғыш достық жұлдызы
Ұлы айғақтай жеткен біздің өмірге.
Неткен ғажап қасиетті той бүгін,
Кетті кернеп Отанымның ой-қырын!
Бар баласы мерекенің мүшесі
Россия ана! Сенің ыстық қойныңның!
Украина, сәлем бауыр - құрдастан,
Шаттығыңа қуанышын бір қосқан.
Сарқылмайтын бұлағындай достықтың
Бүгін сендік біздегі өлең, жыр, дастан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем бауыр-құрдастан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сәлем бауыр-құрдастан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем бауыр-құрдастан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сәлем бауыр-құрдастан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері