Пішенде – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Пішенде» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шөп машина қалағы
Күн көзінде жалтылдап,
Түсті пішен орағы
Көк майсада жарқылдап.

Қос машина, қыз, жігіт
Қатар еді арасы:
Қалды жігіт мүдіріп
Ширек сағат шамасы.

Винттің бірі жоқ мүлде
Ал, көгалдан таба алшы!
Үш оралды қыз міне,
Қап, қырсықты қарашы!

Жақындады қыз дағы,
Онан сайын түсті иық:
— Ау, жігітім, жүр, кәні
Нағып жатсың шұқшиып?!

─ Винт жоқ, белдік темірге
Жалғасатын төстегі!
— Ойбой, тәйірі - ай, оның не,
Винтің сенің бос па еді!

─ Жә, менде бар біреуі
Сүйте ме екен ер кісі!..
Алыстады қыз енді,
Құлақта қап күлкісі...

Жетсем бір, деп, - тұсына
Бұл да шапшаң кетті алға.
Ал, қыз кездің ұшында
Бұлдырайды тек қана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пішенде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Пішенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пішенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пішенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері