Таңғы романс – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Таңғы романс» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1870
Б.X.

Таң келеді,
ақтық сөзін айтыпты Ай,
Енді өзін бұл аспанда бар тұтпай.
Өң мен түстің арасында жаттың сен
Жер мен аспан арасындағы ақ бұлттай.
Аппақ денең мына келген таңдай боп,
Қара шашың түннен қалған сарқыттай.
Мен ойландым дәл қасында жатып ап,
Ай сәулесі түсті саған жарқырап,
Сол сәуледен алтын түстес шарапты
Жатқандайсың рахаттанып тартып ап.
Бұл тірлікті мына сендей кейпінде,
Бұл тірлікті қадірлемеу артық-ақ!
Күрең тұлпар күн келеді шапқылап,
Сыңғыр-сыңғыр үзеңгісін қаққылап,
Үстінде оның торғын аспан - көк шатыр,
Тұяғының астында ойнап ақ бұлақ,
Бір уыс өрттей саған аунап түстім мен,
Жүрегімде жүгенсіз бір ат тулап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері