Сенемін саған – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сенемін саған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3269
Әнін жазған Иван Бреусов

Терезені қар басып тұр,
Екеуміз отырмыз оңаша
Келер дейміз алмасып бір,
Көктемнің күндері тамаша.
Соны ойлап үміт артып,
Жақындап саған,
Көңілденем күліп шалқып.

Қайырмасы:
Сенемін саған,
Сен де маған
Болмай алаң, сенші маған.
Сенемін саған,
Сен де маған
Сенім артып,
Келші маған.

Сенімсіздік жоғалады,
Өзара жарасып жұбымыз.
Бақыт құсы оралады,
Күмбірлеп күміс күй үніміз.
Алаулаған деміңді бас,
Қызықпен балдай
Өткізейік өмірді жас.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Айгүл Сәрсенова

Абдрахман Асылбектің «Сенемін саған» өлеңін оқып отырып, жүрегім жылып кетті. Қысқы қарлы түн мен көктемге деген үміттің арасындағы сезім өте нәзік жеткізілген. Қайырмасы қарапайым ғана, бірақ әр сөзі жүрекке жетеді: «Сенемін саған, сен де маған». Bilim-all.kz-де осындай әдемі лириканы тауып оқу – нағыз ләззат. Көп рахмет сайт әкімшілігіне!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері