Көктем – Мақсұт Неталиев

Бұл бетте «Көктем» атты Мақсұт Неталиев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 16369
Жан-жағы жасыл ұйық,
Ақ бұлақ жүгіреді.
Аққайың басын иіп,
Қойнауға үңіледі.
Бұлақтан құйылып ән
Тыңдайды үнсіз алап.
Алатау иығынан -
Қарайды күн сығалап.
Сәуірдің ақ таңында
Таудың да тасы жібіп,
Шымбұлақ шатқалында
Бұлт жатыр жасырынып.
Жел қағып сүртінеді,
Қарағай қауырсынын.
Шыршалар сілкінеді,
Ақ тонын ауырсынып.
Сәуірсіз сән бе, тегі
Өңірге өмір келіп, -
Бұлбұлдар әндетеді,
Таңата көңілденіп.
Мен де сол сүйінемін,
Болмысты ұғып мынау:
Қойнауы дүниенің
Қызыққа толып тұр-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Мақсұт Неталиев — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері