Күз суреті – Мақсұт Неталиев

Бұл бетте «Күз суреті» атты Мақсұт Неталиев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4823
Сарыала жапырақтар
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен
Ағады жылға-бұлақ.
Ақбөкен үйірімен
Барады Сырға құлап.
Дәнді алқап жалтылдайды,
Жайғандай дүзге кілем.
Жер-Ана ән тыңдайды,
Аққулар тізбегінен.
Қайың тұр амал қылып,
Шық моншақ тағынып ап.
Сүйеді самал - жігіт
Қалғандай сағынып-ақ!
Бұлбұлдар сайрамады,
Бұтаққа жайғасып жай.
Дөңгелеп Ай барады,
Әлемнің айнасындай!
Тәкәппар тау-шыңдар да
Өрлейді сүйіп өрін.
Қызығы таусылған ба,
Думанды дүниенің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз суреті өлеңінің авторы кім?

Мақсұт Неталиев — осы өлеңнің авторы.

Күз суреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз суреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз суреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері