Жұбату

Бұл бетте «Жұбату» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1606
Сонау иман, ұя та бар заманда,
Өз еліңде қымбат еді бағаң да.
Өмір сүру – қызық еді саған да,
Өмір сүру – қызық еді маған да.

Бейбіт күнде келді қайдан зобалаң,
Ұятты ойлап жүрген қазір жоқ адам.
Торға келіп түскен сынды тотықұс,
Қарға болып кеткен сынды шағала.

Орындалмай қалды небір армандар,
Түлкі болып кетті небір арландар.
Сасып қалды небір жақсы-жайсаңдар,
Бықсып-бықсып өшіп қалды жанғандар.

Жоғалғандай жылылықтың ұшқыны,
Жүректерде мейірімнің өшті үні.
Халқымызды үрей билеп жүр бүгін,
Қорқынышты адамдардың ұсқыны.

Мақсат деген ымы сынды мылқаудың,
Ал көкірек іні сынды қорқаудың.
Уайымдасақ, өлердейміз құсадан,
Жайын жасап жүргендейміз жалқаудың.

Өміріміз жақсы екен ғой өткен деп,
Жүрміз енді «әттең», «әттең», «әттең» деп.
Бұдан қатты суық болса қайтеміз?
Көңілдерді жылытпаса көктем кеп.

Ұятсыздың қалтасында – ұятың,
Ұятсыздың түрі жоқ-ау тоятын.
Мұны оқыса ұятсыз бен имансыз,
«былжырама дейтін шығар, ей, ақын».

Ұятсыз бен имансыздар елінде,
Табалдырық сияқтанар төрін де.
Бұл өмірде көксегенім болмаса,
Жақсы өмірің болар мүмкін көріңде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұбату өлеңінің авторы кім?

Ибрагим Иса — осы өлеңнің авторы.

Жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ибрагим Иса өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері