Жасырма – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жасырма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1348
Әнін жазған Иван Бреусов

Жатыр ғой талай сыр
Сөзіңде сенің.
Қалайша қарайсың
Көзіме менің?
Болмасын білемін
Махаббат жолы.
Бұлқынса жүрегім,
Кешіргін оны.

Қайырмасы:
Жасырма,
Түн үйқыңды кім ұрлады?
Жүрек неден шымырлады?
Ұмыт болар мұның бәрі,
Бәрі.
Жасырма,
Кім тұр аспан аясында?
Бұрынғы бақ саясында
Қайта құшақ жаясың ба?
Айтшы.

Оралар көктем де,
Желпінтіп желі.
Сол сәттер жеткенде,
Табармын сені.
Махаббат бұлбұлы
Бағына қонар.
Бәрі де бүл күні
Орнында болар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері