Өлең, жыр, ақындар

Бір білгенім

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1563
Білмеуші ем, өмір сондай күрделі екен,
Күрмеуіне кездеспей жүрген екем.
Арман деген алыста – әріде екен,
Жалған деген жаныңда – іргеде екен.
Арман менен жалғанның арасында
Туады екен тартыс та, таласың да.
Балалықтың аулынан асқан соң-ақ
Сұрыпталар жауың да, жанашыр да.
Жауың көп пе, жанашыр досың көп пе?!
(Досым көп деп кетпесін есің текке).
Дос ұстағың келсе егер, заңдылық сол –
Болмысыңмен берілме есіл-дертке!
Болмысыңды бірақ та бүркелеме,
Болмысыңда жоғыңды білтелеме.
Күрделі деп өмірден күдер үзбе,
Батыр болып кетесің үрке келе...
«Күрт-күрт үзбей ши
есін, күрмеулерін,
Күшім аз деп кіжінбе кімнен менің?!»
Күшімізді табиғат тең жаратқан
Іс-әрекет әр түрлі – бір білгенім...
Бір білгенім – бәріміз аман жүріп
Заман жасап, өтеміз қоғам құрып.
Бір білгенім – күрделі, күрмеулі өмір,
Күрделі өмір жүр бізді Адам қылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен

  • 0
  • 0

Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен,
Жаңылмағанда жұмбақтай көрешегім ең...
Өліп те өшіп өз жаныңды жаралағанда,
Қарағанымда нем кетті, неге сеніп ем?

Толық

Қара тақыр

  • 0
  • 0

Бір жаңбырдан қақ тұрған қара тақыр,
Лайыңды ылғалға жарата тұр!
Тез кеберсің, шөлдеуге төзген ерсің,
Жаңбыр жауса жарылқап, өзгерерсің.

Толық

Алыс-алыс, алыс қалды

  • 0
  • 0

Алыс-алыс, алыс қалды...
Туған ауыл қалды алыс...
Сағыныш та сейілгендей балалықтай алданыш.
Сары жотада біз иіскеген селдірепті боз жусан,

Толық