Қайтадан ғашық болғым келді менің – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қайтадан ғашық болғым келді менің» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Қайтадан ғашық болғым келді менің,
Жанымды еріте ме ендігі ерін.
Несіне уайымдаймын, босқа жүдеп,
Жүрегіммен үйлессе басқа жүрек.
Мен сөйтіп өзгеремін, серпілемін,
Қаршадайдан берген бір сертім едің.
Шарпып өтті кеудемді өрті менің,
Алға алып келеді дерті ненің.
Жүректі әрең соққан кергілерін,
Жүзімді өрнектелген пергілерін.
Баяғы біз кездескен жерді керім,
Қайтадан тағы көргім келді менің.
Далаға тағы міне жетіп көктем,
Жылдар-ай кірпік қақпай өтіп кеткен.
Күндерге жалғыз тастап құлазытқан,
Түндерге су сылдыры сыр ағытқан.
Алдыңда аппақ дүние нұрын шашқан,
Жұлдыздар түнгі аспанда жымыңдасқан.
Баяғы туған ауыл қыратындай,
Мәңгілік осылай боп тұратындай.
Көңіл-ай армандарға алып ұшқан,
Өмір-ай сағыныштан, сабылысқан.
Кездер-ай жаңсақ басып жаңылысқан,
Сөздер-ай қиырларға алып ұшқан.
Қайтадан ғашық болғым келді менің,
Жанымды еріте ме ендігі ерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтадан ғашық болғым келді менің өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қайтадан ғашық болғым келді менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтадан ғашық болғым келді менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтадан ғашық болғым келді менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері