Көргім келген шақтарда – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Көргім келген шақтарда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1516
Көргім келген шақтарда
Өлгім келген...
Көргім келген шақтарда сізді ғана,
Өлгім келген қиялдың көрпесінде.
Тірлігім мен ұйқымды бұзды қала,
Мендік бітпес мұңдардың өлкесінде.
Сағынғанда сезімге дауа болмай,
Жалынғам да бейнеге қабырғада.
Жалғыздықтан жынданғам жауап алмай,
Өлеңімнен
Бағынбас сабырға да.
Қиналғанмын
Кеште әсем сізді көрмей.
Жиналғанмен бармадым.
Жандыңыз ба?
«Келер» деді үмітім үзілердей,
Өлең жаздым шашуға алдыңыздан.
Көргім келген шақтарда сізді ғана
Өлгім келген...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері