Бұл бетте «Сен ұмытқан шақтарда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен ұмытқан шақтарда
Сағынышты күн кешкем.
Жалғыз қалып бақтарда
Мұңмен ғана үндескем.
Жолдар анау шақырған,
Жатқан таулар құлазып.
Таңды бірге атырған
Құр қиялдар құрасып.
Сен келмеген кештерде
Жұлдыз тыңдап жырымды.
Сырымды ұқпай еш пенде,
Түндер сылқып бұрымды.
Сен тұратын қалада
Көктем өңі естілген.
От сезімді арада,
Қалайша мен кеш білгем?
Кеудем үміт толатын
Күндер қалып шерменде.
Арман қолға қонатын
Сені көргім келгенде.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі