Сұрақтар

Бұл бетте «Сұрақтар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Ағайынды жақтағанда не таптым —
Шатағын шыдай берген төзім бе?
Достар сені мақтағанда не таптым —
Суып тынған ақырында сезім бе?
Өлең, сені жаттағанда не таптым —
Елден безіп, бөлектенген кезім бе?
Сұлу, саған жан пида ғып не таптым?
Тоқта, Сәке, торықпағын, езілме.
Ағайынды жақтағаннан
Аға болдың бұл күнде.
Өлең жаттап, ұмыттың ба,
Сөйлеп едің мың тілде.
Дос сағына өмір сүрсең,
Досың табар түбінде.
Сүйе білсең өкініш не,
Жұмаққа ендің со күнде.
Сенің қатең басқа болар,
Жырланбапты Тәңірің.
Ойға алмай жер-жаһанды
Жаратқанның өмірін.
Тайталасып Табиғатпен,
Талай күнә мойында.
Жетпіс жылдық ессіздікте,
Құдайсыздық тойында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақтар өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұрақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері