Төрелік – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Төрелік» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1046
Екі азамат ұстасса
Жасы үлкені кінәлі.
Арқалайды соңында
Жасы кіші күнәні.
Екі құрдас ұрысса
Ақылдысы кінәлі.
Би алдында қалады
Аңқауы боп күнәлі.
Құрдас қыздар керіссе
Ажарлысы кінәлі.
Қиын бірақ белгілеу
Қайсы қызға күнәні.
Ері әйелі ұрысса
Бабы жоғы кінәлі.
Шындығына келгенде
Шатақтауы күнәлі.
Көрші ейелдер керіссе
Барырағы кінәлі.
Бір еркекке таласса
Жары жоғы күнәлі.
Маскүнемдер ұрысса
Соры бары кінәлі.
Шынын айтсақ соларың
Шеттерінен күнәлі.
Екі тентек ұрысса
Жеңілгені кінәлі.
Артып алсын өзіне
Жеңбегені күнәні.
Ұрыс-керіс көбейсе
Заманасы күнәлі.
Ақсақалдар керіссе
Кімге артамыз кінәні?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрелік өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Төрелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері