Мінездеме – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Мінездеме» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4146
Алыс жолдан қатты арып,
Азар келген құнанды
Қойып едім қаңтарып,
Қайрат бұған қуанды.
— Құламаймын мұнан да!
Деді маған ол күліп.
Сосын сорлы құнанға
Он түсті ол, он мініп.
Алқынып тұр жас құнан,
Әкелгенмін терлетіп.
Қайрат оның астынан
Әрлі-берлі көрді өтіп.
Шабын түртіп таяқпен
Қоймаған соң жармасып,
Қойды құнан тұяқпен
Құйрығына «мөр» басып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері