Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді» атты Әлия Дәулетбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 827
Үніңіз, күлкіңіз де өлең еді,
Алғызған мұңды есіме.
Сіз ылғи жетелейсіз неге мені,
Есеппен күн кешуге.

Сіз неге көрсетесіз осы маған,
Тірліктің амалдарын.
Өмір ме... толқымаған, тасымаған...
Ақылды бола алмадым.

Одан да үйретіңіз өртенуді,
Өзгеше кейіпке еніп.
Болыңыз ең әсерлі ертегімнің,
Әдемі кейіпкері.

Теңіздей дауыл күткен тына қалсам,
Сіз әлде үркермісіз?..
Еңіреп ағыл-тегіл жылап алсам,
Жасымды сүртермісіз?..

Қапыда майыстырсам қанатымды,
Білмеймін... аярмысыз?..
Ақ түске бояп қойдым қара түнді,
Қайдасыз? Ояумсыз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері