Фаризаға! – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Фаризаға!» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1504
Армысың апа,
Бармысың апа, байсалдым.
Жырыңмен отты оясыздарға ой салдың,
Албырт жандардың жалын арманын маздатты,
Сіздің қаламнан қастерлі сезім, қайсар мұң.
Сәттерде кейбір сәбише өксіп көз ілген,
Жырыңнан ылғи жұбаныш, апа, іздеймін.
Тосқауыл болмай телегей-теңіз сезімге.
Тентек жүрекке терең сүңгіді сіздей кім!
Тілдестім сізбен,
Жанарда жауһар-шық тұрды.
Көлгерсу емес, шыбын жанымдай шын сырым.
Асқақ сезіммен, сіздей кім, апа, ұқтырды,
Қыз-ғұмырлардың тұңғиығы мен тылсымын.
Бір тілің – Шындық!
Енді бір тілің – Уақыт,
Алайда сыршыл нәзіктігіңді сағындым.
Жүрген жайым бар өзімді-өзім жұбатып,
Жырыңмен сенің, жыртығын жамап жанымның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері