Мен сені ойлап тапқам – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Мен сені ойлап тапқам» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1493
Әдейі өлең үшін,
әдейі өлмеу үшін
бақыттың дерегі үшін,
бейуақ сөнбеу үшін.
Бір үміт жана ма деп...
Бәрінен жалыққанда,
Бір себеп бола ма деп...
Кішкене қалықтауға,
Айналған жыр құсына,
Қымбаттым қиялдағы.
Дәл осы «қылмысыма»
Ешқашан ұялмадым...
Мен сені ойлап тапқам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері