Сенесің бе?.. Көөп болды – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Сенесің бе?.. Көөп болды» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2023
Сенесің бе?.. Көөп болды...
Жыламадым...
Тұңғиықта тыншыған тұма жаным.
тым биіктен үмітім құлағанын
аспан арлы кеудемнің асқақтығын
оспадарлау біреудің сынағанын
бәрін көрдім...
бәрібір жыламадым.
Сенесің бе?.. Көп болды...
Сағынбадым...
Шашып-төгіп жанымның лағылдарын
шағым қылып тауымның шағылғанын
көп ішінен талдырып жанарымды
біреуді іздеп бейуақ сабылмадым...
Сенесің бе?.. Көөп болды...
Адаспадым.
Күмәнмен де, күнәммен таласпадым.
Кей құрбының көңілі жарасқанын
Кей құрбының өтірік бал ашқанын
Күліп қана бойымнан аластадым.
Сенесің бе?.. Асқынды...
Мұңым, шерім,
Құлын жастық артына бұрылса еді...
Сенесің бе?.. Мен тағы толқу кештім
Көздеріңді көрдім де бүгін сенің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері