Шақырдың неге көктемді – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Шақырдың неге көктемді» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кешсек те мол арада өмір өткелін,
Шарпыды ма көкіректі от тағы.
Жүрек шоғын сөндіре алған жоқ па еді,
Тоқсан тарау тағдырдың жол соқпағы.

Қайырмасы:
Құстар қайтып кеткенде,
Оралар ма жыр баққа.
Балғын даурен өткенде,
Жан тербеді-ау сыр мақпал.

Бұла сезім бұлқынғаны неткені,
Тереңінде тұнып жатқан көңілдің.
Қайта неге шақырдың сен көктемін,
Қоңыр күзі қонар мынау өңірдің.

Қайырмасы
Құстар қайтып кеткенде,
Оралар ма жыр баққа.
Балғын даурен өткенде,
Жан тербеді-ау сыр мақпал.

Ерік бермес ауыздыққа тұлпарың,
Секем алып селт етсе егер қайтесің.
Томағасы сыпырылған сұңқарың
Қапияда мерт етсе егер қайтесің.

Қайырмасы
Құстар қайтып кеткенде,
Оралар ма жыр баққа.
Балғын дәурен өткенде,
Жан тербеді-ау сыр мақпал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері