Жауынгер жарым оралшы – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Жауынгер жарым оралшы» атты Құмарбек Сыдықов жазған соғыс туралы өлең берілген.

Жадымнан шықпай, арайлым,
Жолыңа күнде қараймын.
Қоштасқан сол бір сағаттан,
Уақытты өткен санаймын.
Сыр болып назым тарқамай,
Сағындым сені қалқам-ай.
Толқынға тосып жанымды,
Шақырған болам сабырды.
«Торықпа, жаным» – десем де
Қайтейін, сәулем, сағындым.
Сағыныш сазы тарқамай,
Жүрмін ғой аңсап, қалқам-ай.
«Жабықпай жаным жүрші, айым, –
Деп едің, – келші құшайын».
Жауынгер жарым оралшы,
Алдыңнан құс боп ұшайын.
Көңілден көп ой тарқамай,
Сағынып жүрмін, қалқам-ай.
Сағыныш сазы тарқасын,
Оралшы тездеп қалқашым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері