Жайлау таңында – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Жайлау таңында» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жайлаудың кең төскейін бөктерлетіп,
Келемін қиялымды көкке өрлетіп,
Арманның әуенімен жарасқандай
Желпиді қоңыр самал шөп тербетіп.
Астымда алқарекер ойнақтаған,
Тау-төбе қарайтындай бойлап маған.
Раушан гүл таң нұрымен таранғанда,
Еркем-ау, өзің бе деп ойлап қалам...
Келемін әуен аулап әр шағылдан,
Көңілді ән баурайды жар сағынған,
Елеңдеп алыс бетке жаутаңдаймын,
Назданып сен шығардай қарсы алдымнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері