Келіншек пе екен, қыз ба екен – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Келіншек пе екен, қыз ба екен» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2698
«Келіншек пе екен, қыз ба екен,
Иман жүзді екен, ізгі екен.
Таң алды түскен сонар ма,
Бір жүріп өткен із бе екен?
Махаббат атты құрлықта
Бақытты ма екен, мұңлық па?
Тәрк боп кеткен жоқ па екен,
Тағдыр дейтұғын бұйрыққа.
Ғашықтық өртке малынып,
Асықтық дертке шалынып,
Көрген жоқ па екен қамығып,
Кеткен жоқ па екен жаңылып?..
Апыр-ау, анау алма бет,
Қарақат көз бен шие ерін
Тәтті ұйықтап жатқан таңда кеп
Қонатын жері-ау киенің»
Деп қалдым, досым, деп қалдым,
(Дерсің сен тағы: «Айт, айтқыш».)
Саған да сондай тап болсын
Сұлулық дейтін Жайтартқыш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері