Тырналарым келдің бе – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Тырналарым келдің бе» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ей, тырналар, тырналар,
Даламды кез, қырға бар.
Жырыңды естіп жырғасын,
Арқа-жон қырқалар.
Сезімді қоздатып,
Көк жүзін боздатып
Келдің бе,
Өскен жеріңе.
Жыл құстары құлақ сал,
Сылдырайды бұлақтар.
Хабар алып қанаттан
Көктеді құрақтар.
Сабылып жырақтан
Туған жер тұраққа
Тасынып
Жеттің асығып.
Көктей өттің белдерді,
Аяулы әнім кел енді.
Тыраулаған наз әуен
Аңсатты сендерді.
Аялда аз ғана
Ағылсын саз жаңа,
Нұр көктем
Күтіп жүр көптен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері