Менің бір тұтам өмірім – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Менің бір тұтам өмірім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1317
Менің бір тұтам өмірім
Тартсам созылар тарамыс болсашы,
Бірде бай, бірде жұтаң көңілім
Жүйткіп жазылар қаламұш болсашы.
Көп менің жүрген жолдарым
Кеңістік көп іздеп, кербез көл іздеп.
Мен – қарлығаш.
Қайда ұшпадым, қайда қонбадым
Бауырыма басқан балапан талмайтын жем іздеп?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері