Өлең, жыр, ақындар

Аңсағаным ауылым

  • admin
  • 02.09.2024
  • 0
  • 0
  • 54
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.
«Тетелес» деп еркелетер, сағындырды жеңгем де,
Дархан дала хош иісі жүр-жүрлейді белдерге.
Бір егіздің сыңарындай қатар өскен қыз қайда?
Ол да елес, бұлдыр сағым, ат байлатпас белдеуге.

Қайырмасы:
Сағынышым, салған әнім, алтын ұям – ауылым,
Бал дәуренім ынтықтырған, думан-базар қауымым.
Басылмайды, басылмайды саған деген сағыныш,
Шақырады балғын шақтар, құрған сайран-сауығым.

Анашымның шуақ қонған алақанын сағындым,
Ауламыздың аппақ ұлпа балапанын сағындым.
Отау тігіп ер жеткен соң, кеттім бе әлде жырақтап?..
Әкем әкеп шөгеретін сары атанын сағындым.
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсағаным ауылым

  • 0
  • 0

Аңсағаным ауылым
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Ғалымбек Омарханов

Толық

Қарап көріңіз