Мен сені жіберетін шығармын – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Мен сені жіберетін шығармын» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1778
өзімнен...
Күндей бейнеңді көшіріп көзімнен
сәттерді ұмытып таппаған төзімге ем.
Сөйтетін шығармын...
Жаныңнан өтермін жай таныс адамдай
өтірік жымиып
тұрса да көзіңде мұң ұйып
көрмеген болармын әдейі...
Хәлімді бейдауа бұрынғы
жанымды арбаған үніңді
бәрін де ұмытам, көр де тұр
таршылық қылса да жер беті...
Тамыздың талықсып күзге орын бергені секілді
бір кезде олардың бізге орын бергелі секілді
кетуді жөн көрдім...
Бұл маған таныс хәл-
Бұрын да осылай өлгенмін!
Бара ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері