Еңбек дабылы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Еңбек дабылы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Дабыл-дабыл, дабыл қаққан,
Еңбек даңқы дабылдатқан,
Бұйра тұтты бұлтқа атқан,
Трубалары жалындатқан,
— Бұл Завод Сом Сауыт
Алтын, мысы ағып жатқан.
Бұлың болат, ақшыл алмас,
Машина алмас, зыр-зыр талмас!
Завод гүрлеп, ерлер терлеп,
Мың-миллион жүр аралас.
Еңбегінің Өрлеуінің
"Жемістерін Тегіс көрдім
Алға аттаған бауырлас.
Талмас ерлер, тез қарышта!
Социалистік бұл жарыста!..
Ерлерге ел күш, рух бер,
Қатарласа ер қалыспа!
Алмас, Көмір, Астық Темір,
Тасы, тасы!
Тапсыр үлес табысқа!

1930


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері