Жұбату жыры – Мұрат Шаймаран

Бұл бетте «Жұбату жыры» атты Мұрат Шаймаран жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2210
Қамықпа сен, көктем де оралады,
Бар əлем жылулыққа оранады.
Көзіңде тұрған қатып бір тамшы жас,
Ериді, жоғалады.
Құдіретін сыйлайды саған əлі,
Өтер-кетер күндер де санамалы.
Жусан исі бұрқырап, жұпарға орап,
Рухыңды оятады даладағы.
Тентек теңіз кеудесі дамыл алып,
Шағалалар шалқарға қонар əлі.
Шың басына шығып ап ару – арман,
Саған əлі бұлғайды орамалын.
Еркіндіктің ақ қанат періштесі,
Арнайды саған əнін.
Қамықпа сен, өмірге бекер налып,
Кесеңдегі бақыттың шарабына,
Көз жасың кетер тамып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері