Ғашық болған жоқ шығармын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ғашық болған жоқ шығармын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Ғашық болған жоқ шығармын,
кешір мені, қылықтым,
солқылдаған көк шынардың
саясында тынықтым.
Өмірдегі ұлы кінәм,
осы десем —
оңбаспын,
тас бұлақтың тұнығынан
тал түсімде шөл бастым.
Тартты өзіне иісің бірден,
тарылды да арамыз,
Көрген жанды сүйсіндірген,
қуыршақтай қара қыз.
Теңбіл аспан жұлдызына
теңгеріпті сені кім.
басқа жұрттың мың қызына,
бере қоймас серігім..
Ғашық болдым өліп-өшіп,
десем,
ешкім нанбас та,—
басқаларға берік есік
ашық күйі қалмас па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері