Жоқ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жоқ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4610
Қиялдан басқа құсым жоқ.
Қызылдан басқа түсім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Қайратым бар да,
Ісім жоқ.
Көзімнен басқа нұрым жоқ.
Төзімнен басқа пірім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Шабытым бар да,
Жырым жоқ.
Тілімнен басқа жауым жоқ.
Білімнен басқа дауым жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Бұлты бар,
Бұлты...
Жауын жоқ.
Сүйгеннен басқа мұңым жоқ.
Күйгеннен басқа мінім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Асылым бар да,
Құным жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері